31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

31 Қаңтар 2019, 08:15
2618
Бөлісу:
31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ.  Бүгін еліміздің басым аумағында оңтүстіктен шығатын циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 

Батыс пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде республика бойынша тұман сақталады, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с бұрқасынмен күшейеді.

Алматы облысының кей жерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін, түнде жел 18-23 м/с, Алакөл ауданында 20-25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, түнде  екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады.

Павлодар облысының кей жерінде күндіз жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы