Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін

29 Қаңтар 2019, 08:15
3291
Бөлісу:
Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болып, кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының кей жерінде түнде және таңертең көктайғақ, кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман түсуі ықтимал, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы