Ауа сапасын мониторингтейтін жүйе көпшілікке қолжетімді

14 Сәуір 2019, 12:46
2610
Бөлісу:
Ауа сапасын мониторингтейтін жүйе көпшілікке қолжетімді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан аумағындағы экологиялық жағдайды мониторингтауға бағытталған стационарлы станциялар ауадағы химиялық заттарды анықтап, өңір тұрғындарын уақытылы хабардар етіп отырады. Бұл жөнінде ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды пайдалану басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов хабарлады.  

«2016 – 2020 жылдарға арналған аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында қоршаған ортаны бақылау индикаторлары есепке алынады. Өскемен қаласында көптеген өндіріс ошақтарының шоғырлануына орай ауа сапасы үнемі мониторингталып отырады. 2011 жылдан бері облыс орталығында өндірістік-экологиялық мониторинг жасайтын аймақтық автоматтандырылған өлшем жүйесі енгізілген болатын. Аталмыш жүйе 9 стационарлы бекет бойынша 6 химиялық заттың концентрациялық көлемін анықтайды. Сонымен қатар тұрғындарға ауа сапасын онлайн біліп отыруға мүмкінік беретін сайт та іске қосылған», - деді Мұрат Құсайынов.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта «Қазгидромет» РМК-ның облыс бойынша осындай мониторинг жүргізетін 17 бекетінің жетеуі облыс орталығында орнатылған екен.

«Бұл Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы берген экологиялық жағдайды мониторингтау және оның халыққа онлайн қолжетімді болуы туралы тапсырмасының толықтай орындалып жатқанын көрсетеді. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Экология депаратментімен бірлесе отырып өңіріміздің «Казцинк» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС сияқты және тағы басқа тау-кен байытумен айналыатын ірі өндіріс ошақтарына автоматтандырылған өлшем жүйесін енгізуді бастадық», - деп қосты басқарма басшысы.

Жауапты тұлғаның айтуынша, географиялық орналасу аймағына байланысты Өскемен қаласында бірнеше экологиялық жайсыз аумақ анықталған. Осының салдарынан өткен жылы қалада 63 күн жағымсыз метеорологиялық жағдай орнаған. Дегенмен бұл 2017 жылмен салыстырғанда 21 күнге кем көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы