Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

<h4>Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні елімізде ауа сапасы қандай болатынын хабарлады.</h4>

 25 Қаңтар 2019 2019, 08:46
25 Қаңтар 2019 2019, 08:46
2663

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні елімізде ауа сапасы қандай болатынын хабарлады.

"2019 жылғы 25 қаңтарда Астана, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Наверх