«ҚазАвтоЖол» Қазақстанның 2 облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдың 2 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілгенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысында 1 учаске:
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км,
Кенен а. - Қайнар а. – 79 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қойылған
Солтүстік Қазақстан облысында 1 учаске:
1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км,
Возвышенка а. -Рощинское а. – 166 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қойылған
Қазір республикалық маңызы бар жолдарға 748 техника мен 1363 адам жұмылдырылған, - делінген хабарламада.