Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды

Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Республикалық маңызы бар екң облыста автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Ақтөбе облысының «Қостанай - Рудный - Денисовка - Комсомольское - Қарабұтақ» автомобиль жолының 5-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтық елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін); Сондай-ақ, Қостанай облысының - «Қостанай - Рудный - Денисовка - Комсомольское - Қарабұтақ» автомобиль жолының 234-501 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасынан Рудный қаласына дейін) аумағында жол жабық, - деп жазылған хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін алдағы үш күнде - 35°С аяз болатыны хабарланды. 

Өзгелердің жаңалығы