15 наурыз сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Ақмола облысында - жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел).
- "Екатеринбург-Алматы" Жібек Жолы ААП - Қарағанды обл.шекарасы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін).
Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 556 шақырымды құрайтын 4 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)
- "Қызылорда-Павлодар" Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы
- "Екатеринбург-Алматы" Алматы обл.шекарасы- Теміртау ААП
- "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" Қарағанды қ.-Қарқаралы қ.
- "Қызылорда-Павлодар" Ұлытау обл.шекарасы-Топар а. (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).
Павлодар облысында - жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
- "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы. (Қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).
Ұлытау облысында - жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
- "Қызылорда-Павлодар" - Атасу а.-Қарағанды обл.шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 611 бірлік техника және 1250 жолшы жұмылдырылған.