Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты астана маңына қатынайтын кей автобустар тоқтады.
Cіty Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Басқа бағдарлар линияда жүр. Айта кетейік, кеше кешкісін қала маңына жолаушы тасымалдайтын № 312, 317 автобустары да жүрмей қалған болатын.
Еске сала кетейік, бүгін астанада боран соғып тұр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Теміртаудың арасын жалғайтын автожол жабылды.
Кешеден бері «Нұр-Сұлтан-Щучинск» және «Нұр-Сұлтан-Атбасар» жолдарында да көлік қозғалысына тыйым салынған.