Ауа райына байланысты еліміздің үш өңірінде жолдар жабылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облысында жолдар жабық. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 26 Желтоқсан 2019 2019, 10:01
26 Желтоқсан 2019 2019, 10:01
1882

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облысында жолдар жабық. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты Ақмола облысындағы "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" бағытындағы тасжол, Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы", сонымен қатар Павлодар облысындағы "Қызылорда-Павлодар" тасжолдары жабылды.
Наверх