Ауа райына байланысты бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды

19 Желтоқсан 2019, 18:08
2208
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады.

20 желтоқсанда Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15 м/с.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Нұр-Сұлтан қаласында 20 желтоқсанда бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 20 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын, күндіз кей жерлерінде қатты (көбінесе қар). Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында түнде 20 желтоқсанда қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Синоптиктердің мәліметінше, 20 желтоқсанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соғатың желдің күші 15-20 м/с күтіледі.  

Орал қаласында 20 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

20 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 20 желтоқсанда қар жауады, жаяу бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%, - деп хабарлады Қазгидрометте.

20 желтоқсанды Шығыс-Қазақстан облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

20 желтоқсанда Өскемен қаласында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

20 желтоқсанда түнде Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Сонымен қатар, 20 желтоқсанда Қызылорда облысында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с сақталады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

Өзгелердің жаңалығы