Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды

Бұл бағыттарда қозғалысты 2026 жылғы 19 ақпан сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

 freepik 18 Ақпан 2026, 21:22
18 Ақпан 2026, 21:22
875
Фото: freepik

Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 18 ақпан сағат 21:00-ден бастап қолайсыз ауа райына байланысты төмендегі республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Ұлытау облысы

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 216-424 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасынан – Жезқазған қаласына дейін).

Қызылорда облысы

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 12-216 шақырымы (Қызылорда қаласынан – Ұлытау облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы

  •  «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырымы (Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейін);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1135 шақырымы (Қарағанды қаласынан – Павлодар облысының шекарасына дейін).

Ақмола облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырымы (Астана қаласынан – Павлодар облысының шекарасына дейін).

Абай облысы

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Калбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п)» автожолының 583-733 шақырымы (Павлодар облысының шекарасынан – Семей қаласына дейін).

Бұл бағыттарда қозғалысты 2026 жылғы 19 ақпан сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге алыс жолға шықпау, ауа райы болжамын қадағалау және қауіпсіздік талаптарын сақтау ұсынылады.

Наверх