Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол учаскеcі жабылды

Бүгiн, 00:50
298
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол учаскеcі жабылды
Фото: архив

"ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы:

– "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы" автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарауылкелді ауылы);

–"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғасы – ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қызылорда облысының шекарасы);

Жол учаскелерін 22 ақпанда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

– "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығы (БҚО шекарасы – Маржанбұлақ ауылы).

Жолды 22 ақпанда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қызылорда облысы:

– "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғасы – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).

Жолды 22 ақпанда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысы:

–"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы).

Жолды 22 ақпанда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Маңғыстау облысы:

– "Жетібай – Жаңаөзен – ТР шекарасы" автожолының 0-58 шақырым аралығы (Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы);

– "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 332-786 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы – Ақтау қаласы).

Өзгелердің жаңалығы