Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Ақмола облысында– 2 учаске
1. «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл.шек. – 61 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
2. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51 км, Қабанбай батыр к.-Қарағанды обл.шек. – 16 км. (Қарағанды облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Жамбыл облысында – 1 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км (I категория), Кенен а. -Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел)
Жетісу облысында – 1 учаске
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
Қарағанды облысында – 2 учаске
1. «Екатеринбург - Алматы» 1353-1373 км, Ақмола обл.шек. -Осакаровка к. – 20 км.
2. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-266 км, Ақмола обл.шек. -Теміртау қ. – 215 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
Қостанай облысында– 1 учаске
1.«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл.шек.-Аркалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Ұлытау облысында – 1 учаске
1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 542 бірлік техника және 863 жолшы жұмылдырылды.