Ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды

8 Наурыз 2025, 21:18
463
Бөлісу:
Ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды
Фото: Архив BAQ.KZ

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты 4 облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді.

Дерекке қарағанда, 8 наурыз күні сағат 18:00–дегі жағдай бойынша 4 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Атырау облысы:

— «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы — Махамбет ауылы);

Жетісу облысы:

— «Сарызек-Көктал» автожолының 45-68 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Алтын Емел асуы);

Қостанай облысы:

— «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасы — Арқалық қаласы);

Ұлытау облысы:

— «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау ауылы — Қостанай облысы шекарасы);

Өзгелердің жаңалығы