Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше аймағында дабылды ескерту жариялады.
"1 тамызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз 420С қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.
Ал 1 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 36° күтіледі.
Сондай-ақ, 1 тамызда Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз 1 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.
"1 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.
Орал қаласында 1 тамызда найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен қатар, 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Күндіз 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 36 градус күтіледі.
Петропавл қаласында 1 тамызда түнде және таңертен тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Барлық өңірде дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.