Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 13 қазан күнгі ауа райына байланысты еліміздің үш облысында ескерту жариялады.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Атырау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысында, орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.