Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Әлі де Баренц теңізі аудандарындағы белсенді циклон жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын әкелуде, оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, көктайғақ, қатты жел бұрқасынмен бірге, оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарында желдің екпіні 30 м/с және одан да аса болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін - делінген синоптиктердің болжамында.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 23-28, таулы асуларда 30 м/с және одан да аса болады деп болжанады.
Ақмола облысының батысында, шығысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз солтүстік жартысында 23-28 м/с болуы мүмкін.
Қостанай облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-шығысында тұман, солтүстігінде, шығысында, облыстың орталығында желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстік-шығысында, күндіз батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде орталығында желдің күшеюі, күндіз батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз батысында көктайғақ, түнде батысында, орталығында желдің күшеюі 17-22 м/с жетеді.
Атырау облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман түседі, солтүстігінде, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с жетіп, жаяу бұрқасын соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с болып, бұрқасын болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.