Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райы қолайсыз: бірнеше облыста жолдар жабылды

7 Қараша 2025, 21:49
540
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Қар аралас жаңбыр, көктайғақ және бұрқасын салдарынан еліміздің бірқатар өңірлерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Абай облыстарында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар жабылды.

Абай облысында

  • «ҚХР – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587–733 шақырым аралығында (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысында

  • Барлық бағыттар бойынша көліктің барлық түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Қарағанды облысында

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067–1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы);
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы) жабылды.

Ақмола облысында

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16–200 шақырым аралығы (Астана – Павлодар облысының шекарасы) бойынша қозғалысқа тыйым салынды.

Жолдарды 2025 жылғы 8 қараша күні сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Құзырлы органдар жүргізушілерге алыс жолға шықпауға, ауа райының өзгерістерін бақылауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы