"ҚазАвтоЖол" үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 16 қаңтар сағат 21:15-те ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі («ЭКО ойл» ЖҚС – Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Жолды 2026 жылғы 17 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Маңғыстау облысы:
2026 жылғы 16 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтау – Құрық» автожолының 13-72 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтау каласы- Құрық ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолды 2026 жылғы 17 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.