ҚазАвтоЖол көлік қозғалысын шектеуге қатысты шұғыл ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 желтоқсан сағат 21:40-та ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
"РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)" автожолының 1154-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ырғыз а.- Қызылорда облысы шек.).
Қызылорда облысы:
"РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п) " автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шек.-Арал қ.).
Жолды 2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.