Ауа райы: Елорда мен бірнеше өңірде ескерту жарияланды

17 Тамыз 2020, 23:34
1491
Бөлісу:
Ауа райы: Елорда мен бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 18 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Атырау облысының кей жерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с. 

Түркістан облысының кей жерінде түнде және таңертең найзағай күркірейді. Кей жерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде 18 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады6 кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай күтіледі. 

Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда қатты нөсерлі жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20, екпіні 25 м/с. 

18 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Нұр-Сұлтан қаласында 18 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерде тұман, найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %. 




Өзгелердің жаңалығы