Ауа райы: Еліміздің бірқатар облысында ескерту жарияланды

1 Тамыз 2021, 19:40
1569
Бөлісу:
Ауа райы: Еліміздің бірқатар облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК күнннің қатты ысуына байланысты республиканың 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

2 тамызда Маңғыстау облысының кей жерінде ерекше өрт қаупі туындайды. 

Қызылорда облысында 2 тамыз күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с болады да, соңы шаңды дауылға ұласады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 2 тамыз күні 41 градус қатты ыстық болады.

Ақмола облысының кей жерінде 2 тамыз күні найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде 41 градус ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының кей жерінде 2 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында 2-4 тамыз күндері күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Кей жерде шаңды дауыл тұрады. 2-4 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 2-4 тамызда облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 2-4 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. 3-4 тамызда күндіз 38 градусқа дейін ыстық болады. 

Қарағанды облысының кей жерінде 31 шілде мен 1 тамыз күндері 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 2 тамызда кей жерінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 2 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі. 

Түркістан облысында 2 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Кей жерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан қаласында 2 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Шымкентте 2 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертен кей жерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с болады. 

Петропавлда 2 тамызда түнде және таңертен тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 2 тамызда Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерде 35 градус аптап ыстық болады. 

Павлодар қаласында 2 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 18 м/с болады. Күндіз 1-5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы