Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 қыркүйек күнгі ауа райы болжамына байланысты еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында және солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе қаласында күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың басым бөлігінде өрт шығу қаупі аса жоғары болады.
Түркістан қаласында күндіз шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.
Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Облыстың орталығында және солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтау қаласының оңтүстік-шығыстан соққан желжелдің екпіні түстен кейін 15-18 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында және батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болатын шаңды дауыл тұруы мүмкін. Соған қарамастан өрт шығу қаупі аса жоғары болады.
Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болатын шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысы аймағының басым бөлігінде түнде 1-6 градус үсік болады. Бесқарағай, Үржар аудандарында өрт шығу қауіпі жоғары болады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың оңтүстігінде және батысында екпіні 15-20 м/с болады. Өрт шығу қаупі жоғары.