Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбырмен жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" өкілдері хабарлады.
Оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-шығыста және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл мен жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды, түн тұманды болады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с шамасында.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл мен жел күшейеді, күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерінде таңертең және күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең уақыт тұманды болады.
Түнде Атырау облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, тұман бауырлайды.
Маңғыстау облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Дәл осындай күн райы Ақтөбе облысында байқалады. Ал Жамбыл облысының кей жерінде жел екпіні 16-21 м/с аралығында.
Түнде Павлодар облысында тұман түседі.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.