Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 4 қыркүйекте 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.
4-6 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысында кей жерде найзағай күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с.
Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с дейін күшейеді.
4 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында солтүстіктен жел соғады, кей жерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.