Ауа райы. Қазақстанға күз келді

20 Қыркүйек 2020, 23:27
3318
Бөлісу:
Ауа райы. Қазақстанға күз келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 қыркүйек күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман түсіп, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт шығу қаупі жоғары.

Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27 жылы.

Өзгелердің жаңалығы