Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
29 қараша мен 1 желтоқсанда Алматы облысының Алакөл өзендері ауданындарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с жетеді.Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.
29 қарашада Түркістан облысының оңтүстік аудандарында тұман сақталады.
28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.