Қазақстанның соңғы жаңалықтары

10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

10 Ақпан 2019, 09:24
3108
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым облыстарында фронттардың өтуіне байланысты кей жерде қар жауады.

Еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты қар жауып, тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с, Жамбыл облысында түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын болуы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде – көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын болады.

 

Өзгелердің жаңалығы