Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстандағы шахтада болған апат салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты. Бұл туралы Саманган провинциясы кеңесінің мүшесі Мохаммад Хашем Сарвариге сілтеме жасап, 1 TV телеарнасы хабарлады.
Сарваридің айтуынша, "шахтаның үш тоннелінде жарылыс болып, салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты". Оның айтуынша, құрбандардың нақты саны әлі белгісіз.
TOLOnews телеарнасы хабарлағандай, оқиға Дара-э-Суф ауданында болған. Шахтаның құлауына көмір разрезіне іргелес ауылдарда естілген жарылыс себеп болуы мүмкін.