Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Талибан" ұйымының бұрын сотталған 400 мүшесінің 80-і босатылды. Бұл туралы "Красная Весна" ақпарат агенттігі министрліктің Twitter-дегі ресми каналы арқылы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады kazislam.kz.
Кеше Ауғанстан Ислам Республикасының үкіметі тәлібтердің сотталған 400 адамның 80-ін босатты. Олардың босатылуына Лойя-джирга (жалпыауғандық ақсақалдар кеңесі — Красная Весна) рұқсат берді, – делінген хабарламада.Қауіпсіздік министрлігінің баспасөз қызметі Twitter-дегі осы хабарламада тәлібтерді босату процесінің кадрлары түсірілген фотосуреттері жарияланған.
Естеріңізге сала кетейік, 9 тамызда Ауғанстанның басшысы Ашраф Ғани үкіметтік күштермен бітім орнату мақсатында "Талибан" радикалды қозғалысының мүшелеріне (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) үндеу жасаған.
Оның радикалдармен бітімге келу ниетінің маңыздылығын растау ретінде ол Ауғанстан түрмелерінен 400 талибанды босату туралы бұйрыққа қол қойған.