Ауғанстанда ДАИШ-тың 15 содыры жойылды

<h4>Алматы, BAQ.KZ.&nbsp; Жексенбі күні лаңкестік ұйымының содырларын жою операциясын жүргізілді. Нәтижесінде 15 содырдың көзі жойылып, тағы оны жараланды, деп хабарлады осы провинцияның ресми өкілі Аттаулла Хогяни.</h4>

1 Сәуір 2019 2019, 18:20
АВТОР
 1 Сәуір 2019 2019, 18:20
1 Сәуір 2019 2019, 18:20
2143

Алматы, BAQ.KZ.  Жексенбі күні Ауғанстан үкіметінің әскерилері Нангархар провинциясының шығысындағы Хогяни ауданында жасырынып жатқан ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымының содырларын жою операциясын жүргізді. Нәтижесінде 15 содырдың көзі жойылып, тағы оны жараланды, деп хабарлады осы провинцияның ресми өкілі Аттаулла Хогяни.


«Түнде қауіпсіздік күштері Хогяни ауданы маңында ДАИШ содырларын жою бойынша операция жүргізді. 15-нің көзі жойылып, тағы оны жараланды»,- дейді А. Хогяни.

Қауіпсіздік қызметі мамандары мен бейбіт тұрғындар зардап шекпеген.
Наверх