Ауғанстанда бейбітшілік қозғалысының 26 белсендісін ұрлап кетті

26 Желтоқсан 2019, 13:39
2340
Бөлісу:
Ауғанстанда бейбітшілік қозғалысының 26 белсендісін ұрлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның батысында "Талибан" радикалды исламшыл тобы бейбітшілік қарауыл жасағына шабуыл жасап, 26 белсендіні ұрлап әкетті. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Полицияның мәліметінше, содырлар Фарах провинциясының Бала-Булук аймағында топтасқан. Олар бейбітшілік қарауыл жасағының алты вагонын басып алды. Вагондарда 26 белсенді болған. 

Фарахта жұмыс істейтін талибандар адам ұрлығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алмады.

Белсенділерді іздеу және босату бойынша операция жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы