Ауғанстанда 50 талибтің көзі жойылды

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясында "Талибан" радикалды қозғалысының 53 содырының көзі жойылды. Бұл туралы Khaama Press хабарлады.</h4>

 27 Қазан 2019 2019, 14:11
27 Қазан 2019 2019, 14:11
2012

Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясында "Талибан" радикалды қозғалысының 53 содырының көзі жойылды. Бұл туралы Khaama Press хабарлады.

Әскери шенеуніктердің айтуынша, 27 қазанда түнде содырлар орналасқан жерге әуеден шабуыл жасалған. Сондай-ақ сенбі күні содырлар күштік құрылымдардың бақылау өткелдерін атқылағаны белгілі болды. Осы жылдың қыркүйек айында Ауғанстанда талибтер сайлау комиссиясының 15 мүшесін ұрлап әкеткен.

Наверх