Ауғанстан үкіметі Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты

13 Тамыз 2020, 22:46
1655
Бөлісу:
Ауғанстан үкіметі Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты

Бүгін Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі Ахмад Джавад Османимен кездесті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, кездесу барысында тараптар екі елде коронавирус инфекциясының таралуының қазіргі ахуалын, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады.

Денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясы кезінде Ауғанстан халқына көрсеткен көмегі үшін Қазақстанға ізгі ризашылығын білдірді, - деді ведомстводан. 
Мәлім етілгендей, Қазақстаннан жөнелтілген гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі биылғы 20 маусымда Хайратон қаласында өтті.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкасы кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді. Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратты, - деп нақтылады ҚР СІМ-нен.


Өзгелердің жаңалығы