Атышулы теле-шоу жабылуы мүмкін

27 Наурыз 2020, 22:34
6967
Бөлісу:
Атышулы теле-шоу жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы мұндай бағдарламалардан хабардар. Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли елді шулатқан теле-шоуларға қатысты пікір білдірді.

"Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр. Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады - деді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы