Ол адам ұрлау, қорқытып ақша алу және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру баптары бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін, былтыр қарашада Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын. Оған 2021 жылы ММА жауынгері Арман Алимовты ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.
Хасан Қасымбаев бұған дейін бейнеүндеу жасап, жасөспірімді өлтіруге және "Хуторские" тобына жетекшілік етуге қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарған.
Полиция Қасымбаевтың ұсталғанын растады және оның ісіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Бұған дейін Хасан Қасысбаевтың ісі сотқа жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.
Хасан Қасымбаевтың қамауға алынуы қоғам назарын қайтадан Талғарға аудартқанын жазған болатын. Оның есімі алғаш рет 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісін тергеу кезінде аталған.
Бұл қанды оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілер мен анонимді пабликтерде "Хуторские" атты қылмыстық топ жайлы расталмаған ақпарат тараған. Жергілікті тұрғындар бұл топты Қасымбаев басқарады деп есептейді. Оларға тұрғындарды қорқыту және өзінше жазалау әрекеттері де таңылған болатын.