Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды

9 Сәуір 2022, 17:11
2742
Бөлісу:
Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін атыраулықтар қаладағы «Отбасы» саябағына жүздеген көшеттер екті.

Жайық жағасындағы бұл жаңа саябақтағы тал-теректің 70 пайызы жеміс ағаштары екен.  Игі істі атыраулық эко белсенді Арман Хайруллин 2020 жылы бастаған. Жыл сайын көктем мен күзде қала тұрғындарымен жүздеген көшет отырғызады. 

Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды
Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды

Пандемия кезінде Атырау қаласының 380 жылдығына орай 380 алма талын отырғыздық. Одан кейін 2021 жылдың көктемі мен күзінде жүздеген тал ектік. Енді осы көктемде 650 тал егуді жоспарлап отырмыз. Бір қуанарлығы еккеніміздің 99 пайызы шығып жатыр. Әрине, Атыраудың шөл-шөлейт табиғатына орай талай қиындықтар болды. Оның бәрі бізге үлкен тәжірибе еді. Енді міне, өткен жылы еккендеріміздің бәрі көгеріп, өсіп жатыр. Бүгін 150-ге жуық терек отырғызамыз.Ағашты отырғызбас бұрын жерді құнарландырдық.  Айта кетейін, экологиямызды жақсартуға,  қаламызды көгалдандыруға арналған бұл ауқымды жұмысты  атыраулық кәсіпкерлер демеушілік етеді. Солардың бірі өңірге белгілі меценат Махмуд Мералиев деген ағамыз,-дейді «Атамекен Эко» қоғамдық қорының төрағасы Арман Хайруллин. 

Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды
Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды

 Эко белсендінің сөзінше саябақта 15 түрлі тал-терек бар. Көлемі 2 га алқапта 2 мыңнан астам ағаш бар. 

Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды

 Көгалдандыру жұмысына қала тұрғындарымен бірге  Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері де келген. Құтқарушылар қаладағы барлық шарадан қалыс қалмайтындарын айтады. 

Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды

Біздің құтқарушылар бүгін қаладағы екі шараға қатысып жатыр. Жиырма шақты құтқарушымыз көшет егу жұмысында болса, 15 қызметкеріміз Жайық өзенін тазалап жүр. Құтқарушылар  қаладағы барлық акциядан, қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмаймыз. Сондай-ақ, сәуір айындағы апта сайынғы тазалық жұмыстарына қатысамыз,  -дейді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және құтқару қызметі бастығының орынбасары Самат Ғалымжанұлы. 

Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды

Смайылов инфляцияның өсіп кетуіне жол берген Ноғаевқа шұғыл шара қабылдауды тапсырды 

Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды

Жаңа саябаққа өз көшеттерін отырғызуға жас құтқарушылар да келген. 

Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды
Атыраулықтар жаңа саябаққа жүздеген көшет отырғызды

 

Өзгелердің жаңалығы