Атыраулықтар медициналық пойыз дәрігерлеріне қарала алады

23 Мамыр 2024, 19:48
389
Бөлісу:
Атыраулықтар медициналық пойыз дәрігерлеріне қарала алады
Фото: ДСМ

26 мамырдан бастап "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Атырау облысының тұрғындарын қабылдай бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы өз жұмысын жалғастырып, 26 мамырдан бастап Атырау облысының тұрғындарын қабылдай бастайды.

16 маусымға дейін 11 станцияда аялдамалар жоспарланған. Медициналық пойыз келетін алғашқы станция – Құлсары.

Пойыздың құрамында медицина және әлеуметтік құқық саласындағы 40 маман бар. Тұрғындарға тегін стоматологиялық қызметтер, терапевт, хирург, невропатолог, уролог, гинеколог, психолог және педиатрдың көмегі қолжетімді болады, рентген, ультрадыбыстық, электрокардиографиялық зерттеулер жүргізіледі.

Атыраулықтар медициналық пойыз дәрігерлеріне қарала алады

Қажет болған жағдайда шағын операциялар жүргізіледі, жоспарлы емдеуге жолдамалар беріледі. Сондай-ақ, тұрғындар зейнетақы-жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу сияқты өзекті мәселелер бойынша консультация ала алады.

Тұрыш, Сам, Сайөтес, Өзен, Болашақ, Жетібай, Қарақия және Шетпе станцияларында пойыз жұмысы басталғаннан бері медицина қызметкерлері 5 мыңнан астам тұрғынды , оның ішінде 2100 баланы зерттеп үлгергенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелер бойынша мыңнан астам өтініш пысықталды.

Бүгін, 22 мамырда "дөңгелектегі емхана" мамандары Маңғыстау облысының Үстірт тұрғындарына тегін қызмет көрсете бастады. Кейін медициналық пойыз Опорная станциясына барады, одан әрі Атырау облысына келеді, онда 26 мамырдан 16 маусымға дейін күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Медициналық пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпаратты сайттар мен sk-trust.kz, medpoezd.kz әлеуметтік желілерінен , сондай-ақ 8 7172 604599, 8 775 142 66 82 байланыс нөмірлері бойынша білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы