Атыраулық тұрғын тыйым салынған діни материал таратқан

Бүгiн, 13:51
330
Бөлісу:
Атыраулық тұрғын тыйым салынған діни материал таратқан

Полиция тыйым салынған діни материалдарды таратқан тұрғынды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Атырау және Ақтөбе облыстарының экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желілер арқылы діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан 18 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады. 

Күдіктінің уақытша мекенжайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра, т.б. заттар тәркіленді. 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы