Атыраулық спортшылар жекпе-жектен жүлде иеленді

11 Қазан 2022, 00:35
1306
Бөлісу:
Атыраулық спортшылар жекпе-жектен жүлде иеленді

Мұнайлы астананың екі спортшысы Шымкент қаласында өткен жарыста 1 алтын мен 1 күміс жүлде қанжығалады, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Елдің Оңтүстігінде, яғни шырайлы Шымкент қаласында қазан айының 6-9 аралығында өткен жекпе-жек ұлттық спортында Атырау облысының 7 қатысушысы бақ сынады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа елдің түкпір-түкпірінен 350 ге жуық қатысушы жиналған. Жекпе-жекке түскендердің арасынан мұнайлы өңірден барған Хайруллина Аида оза шауып, 2-орынды иеленсе, Бекембетов Ануарбек алтын медаль қанжығалады.

Атыраулық спортшылар жекпе-жектен жүлде иеленді

Біздің спортшылар жарысқа екі ай дайындалды. Сайыс өте тартысты өтті. Жалпы жекпе-жек спорты біздің Атырауда жақсы дамып келеді деп айтуға болады. Себебі жыл сайын қызығушылар саны артуда. Келушілердің арасында балалар да, жасөспірімдер де, ересектер де бар. Соңғы уақытта көрсетіп жатқан нәтижемізді де мақтанышпен айта аламыз. Біздің мұндай жүлдеге ие болуымызға Атырау облысындағы спорт басқармасының да септігі көп. Жауаптылар жан-жақты қолдау көрсетіп отыр, - дейді Атырау облысындағы жекпе-жек федерациясының аға жаттықтырушысы Абай Батырғалиев.

Айта кетейік, енді спортшылар қараша айының соңында өтетін әлем кубогіне дайындалмақ.

Өзгелердің жаңалығы