Атыраулық дәрігерлер баспаналы болды

30 Желтоқсан 2021, 09:50
1469
Бөлісу:
Атыраулық дәрігерлер баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық 19 дәрігер жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатын болды, деп хабарлайды Хабар 24. 

Жылдың қорытынды жиынында аймақ басшысы оларға пәтер кілтін табыс етті. Қазір Атыраудың денсаулық саласына 200-ден астам дәрігер керек. Әсіресе, ауылдық жерлерде балалар дәрігері, хирург, гинеколог, невролог мамандар тапшы. Өзге өңірлерден келген дәрігерлерді тұрақтандыру мақсатында жергілікті билік баспана мен басқа да жәрдем беруді бастады. Жалпы, соңғы 30 жылда облыс бойынша бар болғаны 89 дәрігерге пәтер беріліпті. Бұл шара әрі қарай да жалғасын табады. 

Бүгін пәтер алып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Мен 2020 жылы оқуды бітіріп келген жас маманмын. Геолог емханасындағы мобильдік топта жұмыс істедім. Одан кейін қазір жалпы тәжірибелік дәрігер болып қызмет етудемін, – дейді қала тұрғыны Бақдәулет Имантаев.

Өзгелердің жаңалығы