Атыраулық борышкерлерден 16,5 млн теңге өндірілді

15 Тамыз 2020, 08:47
1619
Бөлісу:
Атыраулық борышкерлерден 16,5 млн теңге өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында полиция қызметкерлері үш күндік "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараны өткізудегі мақсат – борышкерлерді анықтап, құқық бұзушылар арасында айыппұл төлеу туралы хабарламаларды тарату, сондай-ақ, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу.

Үш күнде жүргізілген рейд кезінде мобильдік топтармен 53 автокөлік құралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 785-бабымен (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары) мемлекеттік нөмірлер алынып, айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ, 37 борышкерге хабарлама табыс етілді. Үш күнде барлығы 16 миллион 534 теңге айыппұл өндірілді. Оның ішінде 747 мың 750 теңгесі Атырау қаласында ұсталған борышкерлерге тиесілі болып отыр, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы