Атыраулық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық

10 Сәуір 2020, 20:35
1171
Бөлісу:
Атыраулық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында инфекция жұқтырған 2 адам туралы ақпарат.

Ауру жұқтырғандардың 2-еуі Атырау қаласынан тіркелді. Екеуі де коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып,  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды, – деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық тексеру, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

10.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 47 адам анықталды.


Өзгелердің жаңалығы