Атыраудың бұрынғы әкімі ұсталды

10 Қараша 2023, 11:59
1729
Бөлісу:
Атыраудың бұрынғы әкімі ұсталды
Фото: gov.kz

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

Осы іс аясында 9 қарашада Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Қ.Уразбаев қамауға алынды, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді, - делінген хабарламада.

 

Өзгелердің жаңалығы