Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Кешеден бері мұнайлы астанада шаңды дауыл көтерілді. Терезеден қараған адамға қала тұман сияқты көрінгенімен, сыртқа шықса-ақ, шаң басып қалады.
Кеше Төтенше жағдайлар министрлігі Атырауда дауылды ескерту жариялады. Шамамен желдің екпіні секундына 15-20 метр, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.
ТЖД мамандары сенбі күнгі дауылдың жексенбіде де жалғасуы мүмкін екендігін атап өтті.