Атыраудан алғаш рет балбал тас табылды

6 Шілде 2022, 06:33
1771
Бөлісу:
Атыраудан алғаш рет балбал тас табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы маңындағы Тасқара қорғанында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде балбал тас табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мұндай мүсіндерді көне түркілер өмірден өткен адамдарға, көбіне көрнекті тұлғаларға ескерткіш ретінде орнатқан. Биіктігі 1 метр 20 см, ені 50 см болатын тарихи мұра оғыз-қыпшақ дәуіріне жатады деген болжам бар.

Археологиялық экспедиция жетекшісі Сейілхан Мираштың айтуынша, балбалтас Атырау өңірінен алғаш рет табылып отыр.

Балбалтастармен бірге құлшылық ғұрыптарын орындауға арналған керек-жарақтар табылды. 9 ғасырдан бастап ислам дінінің таралуына байланысты біздің даламызда мұндай балбалтастар жойыла бастады, өйткені исламда адам бейнесін бейнелеуге болмайды, – дейді С.Мираш.

Қазір табылған көне мүсін ғылыми орталыққа жеткізілді. Зерттеуден кейін ол облыстық тарихи-өлкетану музейінде экспонат ретінде сақталады.

Өзгелердің жаңалығы