Атыраудағы сорғы-сүзгі стансасының 95 пайызы тозған – Мәжіліс депутаты

10 Шілде 2024, 18:58
2752
Бөлісу:
Атыраудағы сорғы-сүзгі стансасының 95 пайызы тозған – Мәжіліс депутаты
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов «Атырау Су арнасы» еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорынның жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта су сорғысы және сүзу стансаларын жаңғырту бойынша екі жоба іске асырылып жатыр, олардың құны 10 млрд теңгені құрайды. Депутат аймақтағы кәріз және тазарту құрылыстарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Атыраудағы сорғы-сүзгі стансасының 95 пайызы тозған – Мәжіліс депутаты

Қазіргі уақытта Атырау қаласында коммуналдық желілерді жаңғырту, 33,2 шақырым кәріз жүйесінің күрделі жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ Сәтпаев даңғылы бойынша кәріз коллекторын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қалада және жақын маңдағы елді мекендерде тозығы жеткен 60,1 шақырым кәріз құбырына күрделі жөндеуде. Ең алдымен Құлманов, Сәтпаев, Канцев, Өтемісов және Момышұлы көшелеріндегі жалпы ұзындығы 30,7 шақырымды құрайтын апатты желілер жөнделетін болады.

Қыркүйек айында Мәжіліс депутаттары республикалық бюджет жобасын қарайды. Сол кезде біз Атырау қаласының су құбырларын жөндеуге қажетті келесі жылғы қаржыландыру мәселесін шешуге тырысамыз. Бұл бірлескен қаржыландыру болады, бір бөлігі – облыс бюджетінен, екіншісі – республикалық бюджеттен. №6 сорғы-сүзгі стансасының тозуы 95 пайызға жетті, бұл 1940 жылы салынған ғимарат. Жобалау-сметалық құжаттама дайын, қазір мемлекеттік сараптама кезеңінде тұр, – деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Атыраудағы сорғы-сүзгі стансасының 95 пайызы тозған – Мәжіліс депутаты

Депутат сондай-ақ жазғы уақытта қала маңындағы тұрғындар суармалы су үшін пайдаланатын судың тапшылығына назар аударды. Оның пікірінше, алдағы 2-3 жылда сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады.

Атыраудағы сорғы-сүзгі стансасының 95 пайызы тозған – Мәжіліс депутаты

Айта кету керек, «AMANAT» партиясының Атырау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 14 ауылға су құбырларын тартып, 5 ауылда су тазарту блок модульдерін орнату, сондай-ақ Атырау және Құлсары қалаларындағы су тазарту құрылыстарын жаңғырту жоспарланған.

 

Өзгелердің жаңалығы