Атыраудағы резиденция оқу-тынығу лагеріне айналады

24 Қыркүйек 2023, 00:16
831
Бөлісу:
Атыраудағы резиденция оқу-тынығу лагеріне айналады
Фото: baq.kz

Атырауда балалар игілігіне берілген Президент резиденциясы енді оқу-тынығу лагеріне айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді келер жылдың басында 300 орындық асхана мен 300 оқушыға арналған жатақхана салынады. Ол үшін бюджеттен 96 миллион теңге қарастырылған. «Таланттарды қолдау және анықтау» орталығына берілген нысанда қазір ағаштарды күтіп-баптау, шөптен тазарту секілді жұмыстар жүріп жатыр. Пайдалануға берілгеннен кейін 36 жұмыс орны ашылады.

Оқу-тынығу лагері балалар үшін ашылғалы отырған, бүгінде облыс үшін өте қажетті орталық болып табылады. Оқу-тынығу лагерінде балалардың жан-жақты дайындалуына, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, одан басқа өздерінің каникул уақыттарында біз балаларды дайындауымыз керек болады. Каникул уақыттарында әрі тыныға отырып, әрі білімдерін жетілдіру мақсатында осы оқу-тынығу лагері пайдаланылатын болады, - дейді білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.

Өзгелердің жаңалығы