Атыраудағы қанды қылмыс: Прокурор сотта айыптау актісін оқыды

Істің әрі қарайғы қаралу тәртібін сот процессуалдық нормаларға сай анықтайды.

 ©BAQ.KZ Бүгiн 2026, 12:07
Бүгiн 2026, 12:07
162
Фото: ©BAQ.KZ

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен алдын ала танысу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Процесс барысында мемлекеттік айыптаушы – прокурор Мирас Бауыржанов прокурор бекіткен айыптау актісінің мазмұнын оқып, сот процесіне қатысушыларға таныстырды.

Құжатта айыптың мәні, айыпталушыға тағылған әрекеттердің мән-жайы және олардың Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша құқықтық бағасы көрсетілген.

Сондай-ақ сотта тергеу кезінде жиналған негізгі дәлелдер мен айыптау тарапының ұстанымы айтылды.

Іс материалдарымен танысу рәсімі заң талаптарына сәйкес, процеске қатысушы тараптардың қатысуымен өтті. Істің әрі қарайғы қаралу тәртібін сот процессуалдық нормаларға сай анықтайды.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемәлиевке  Қылмыстық кодекстің екі және одан көп адамды қасақана өлтіруге қатысты бабымен айыпталып отыр. Бұдан бөлек, іс материалдарында ұрлық пен алаяқтыққа қатысты эпизодтар да бар.  Қоғамда кең талқыланған бұл іске байланысты сот залына қаза тапқандардың жақындары, жергілікті тұрғындар мен журналистер жиналды.

Айта кетерлігі, Сәрсемәлиев қаза тапқан отбасының күйеу баласы болған. Айыпталушы қаза тапқан отбасының қызы Ақбаян Мұқанғалиевамен заңды некеде тұрған.

Бұған дейін осы іске қатысты сот отырысы басталғаны хабарланды

Наверх