Атыраудағы қанды қылмыс: Күдіктілер елге қашан жеткізілетіні белгілі болды

Күдіктілерді елге жеткізу бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

 Polisia.kz Бүгiн 2026, 11:55
Бүгiн 2026, 11:55
415
Фото: Polisia.kz

Атырау облысында жұмбақ жағдайда қаза тапқан ерлі-зайыптылардың ісіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Жақын арада екі күдікті Индонезия мемлекетінен Қазақстанға жеткізіледі. Сол жұмысты біз белсенді түрде атқарып жатырмыз. Осы айда алып келеміз. Қосымша ақпарат беріледі, - деді жауап берші ІІМ орынбасары Сенаттың кулуарында.

Сондай-ақ ол отбасының хабар-ошарсыз кеткен екі баласы – 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевке қатысты да айтты.

Іздеуде жүрген екі тұлғаға қатысты тиісті шаралар жүргізілуде. Арнайы тергеу тобы құрылды, - деді Санжар Әділов.

Екі айдан бері табылмай жатқан ағайындылардың әлі табылмауын вице-министр әртүрлі кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанымен түсіндірді.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан ерлі-зайыпты мен олардың екі ересек баласы бар отбасының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді.

Ал 6 қаңтарда жантүршігерлік дерек белгілі болды. Үйдің жанындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған.

Кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті ретінде марқұм зейнеткерлердің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің аты-жөні көрсетілген жазба жарияланды. Ол жұбайымен бірге халықаралық іздеуге алынған. Қазіргі таңда олардың қайда жүргені белгісіз.

Сондай-ақ біз Атырау облысындағы қоғамды шошытқан сұмдық оқиғаның хронологиясына тоқталған едік.

Аталған іске қатысты полиция атыраулық «хакерді» іздестіріп жатқанын да жариялады. Одан кейін марқұм әйелдің соңғы аудиохабарламасы күдік тудырғаны айтылды.

Одан кейін Индонезияда күдіктінің ұсталған сәттегі фото-видеосы жарияланды. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх